Павлодарда жарты тұрғын үйлерде судың өшірілуіне байланысты тергеу ашылады

Павлодарда жарты тұрғын үйлерде судың өшірілуіне байланысты тергеу ашылады
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әлі де сусыз қалып отырған тұрғындар қала әкіміне тікелей жаза алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

21 маусымда таңғы сағат 8:45-те Оңтүстік су жинау станциясында 1-ші көтергіш сорғы жабдығы ажыратылып, жарты қала сусыз қалды. Оған электр желісіндегі техникалық ақаулар себепші болды. Бұл туралы қала әкімі Хасар Хабылбеков өзінің Instagram парақшасында мәлім етті.

–   Жұмыстар тәулік бойы жүргізілді. Бүгінде су беру қалпына келтірілді. Егер суы жоқ мекенжайлар бар болса, оларды жеке қарастырып, шешеміз. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймын,– деп жазды қала әкімі.

Оның айтуынша, аталмыш факті бойынша атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау департаменті тергеу жүргізетін болады.