Павлодарда инъекциялық есірткі қолданатын адамдарға зерттеулер жүргізіледі
Өңірде биоқауіпсіздік зерттеулері бойынша пилоттық жоба енгізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы халықтың негізгі топтары арасында био-мінез-құлық зерттеулері бойынша пилоттық жобаны енгізу бойынша үш өңірдің қатарына кірді. Атап айтқанда, Павлодар қаласының аумағында инъекциялық есірткі қолданатын адамдар арасында зерттеулер жүргізіледі. Зерттеулер АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау жүйесін жетілдіру мақсатында әзірленген жаңа хаттамаға сәйкес және CDC (Атланта, Америка құрама штаттары) мен техникалық қолдауымен ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығынан басталды.
– Павлодар облысы кездейсоқ таңдалған жоқ. Себебі, аймақ АИТВ-инфекциясының аурушаңдығы және таралу деңгейі жоғары аумақтардың бірі болып табылады. Зерттеудің негізгі кезеңіне дейін аймақтағы жағдай зерттелді, жергілікті жағдайларды ескере отырып, зерттелетін популяцияның сипаттамаларын анықтауды қамтитын сенімді био-мінез-құлық нәтижелерін алуға және инъекциялық есірткі қолданатын адамдар санын бағалауға әсер ететін барлық факторлар қарастырылды, – дейді АИТВ орталығының баспасөз хатшысы Альбина Федосеева.
Маманның айтуынша, барлық критерийлерге сәйкес келетін респонденттерді қабылдаудың қолайлы, скринингтің ең тиімді әдістері (әлеуетті респонденттің зерттелетін популяцияға жататындығын растау), алғашқы респонденттерді таңдау және тағы басқа жағдайлар анықталды. Павлодар облысында респонденттерді іріктеудің ең қолайлы әдісі онлайн немесе қашықтан деректерді жинауға мүмкіндік беретін RDS әдісі болып анықталды.
Формативті зерттеуге отыздан астам адам қатысты, олардың 20-сы –инъекциялық есірткі қолданатын адамдар, ал қалғандары негізгі топтардың ақпаратшылары.
Қазіргі уақытта бірінші кезеңнің алынған нәтижелері мұқият құжатталады, фокус-топтарда талқылауға арналған толтырылған нысандар және негізгі ақпарат берушілерге арналған сауалнамалар талданады, картаға түсіру, бақылау және құжаттау деректері Павлодар облысындағы сайттың үйлестірушісі – облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығының эпидемиологиялық бөлімінің басшысы Ғалия Хасенова құрастыратын жалпы есепте көрсетіледі. Зерттеу нәтижелері зерттеу тобымен де талқыланады. Болашақта алынған мәліметтер тамыз-қыркүйек айларында басталатын далалық кезеңнің әдіснамасын негіздеуге және негізгі іріктеп зерттеуді ұйымдастыру туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Негізгі зерттеуге инъекциялық және инъекциялық емес есірткі қолданатын 370 адам қатысады деп жоспарлануда, олардың барлығы – аймақ тұрғындары. Қорытындылар қараша айында шығарылады және био-мінез-құлық бойынша мәселелерді сәтті шешкен кезде пилоттық өңірлердің тәжірибесін ескере отырып, республикалық деңгейде зерттеулерді репликациялау көзделеді.