Павлодарлық әскерилердің балалары жаңажылдық сыйлықтар алады
Көпбалалы отбасыларға «Атамекен» палатасы көмек көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық кәсіпкерлер палатасына 99225 әскери бөлімінің қолбасшылығы балаларға тәтті сыйлықтар алуға көмек көрсетуді сұрады.
– Әскерилердің өтініші 16 көпбалалы отбасына қатысты болды. Олардың әрқайсысында төрттен алтыға дейін бала бар, жалпы саны – 70 бала. Бұған дейін «Атамекен» ӨКП шотына облыс кәсіпкерлері қайырымдылық қызметі үшін ерікті түрде қаржы аударған болатын. Осы қаржыға сауда желілерінің бірінен 70 тәтті-дәмділер жиынтығы сатып алынып, әскери бөлімге жеткізілді, – деп хабарлады өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
«Атамекен» ӨКП директоры Ерқанат Әбеновтің айтуынша, дәмді сыйлықтар алатын барлық көпбалалы отбасылар Павлодар қаласы мен оның ауылдық аймағында тұрады. Тәттілер балаларға жаңа жылдық шырша кезінде табысталады.