Павлодарда жаңа үйдің қабырғасынан «су шығып кетті»(ВИДЕО)
Әлеуметтік желі қолданушылары жаңадан салынған үйдің суреті мен видеосын жариялады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz тілшісі.
Тұрғындардың айтуынша, мұнда адамдар қоныстанып үлгермеген, алайда пәтерлерді су басқан. Қалалық «Горводоканал» ЖШС суды бермес бұрын құбырларды тексермеген.
Бұл жағдайға қатысты Павлодар қаласының әкімдігінде 10 тамыз күні Н.Назарбаев даңғылында орналасқан 309-шы үйді іске қосып, 103 пәтердің ас бөлмесінде су беру барысында фитинг (су құбыры) зақымданған.
– Оған құбыдың зауытта дұрыс жасалмауы себеп болған. Салдарынан үйдің 8-ші және төмен пәтерлерді су басқан, – дейді әкімдікте.
Қазіргі уақытта мердігер «Жәрдем» ЖШС аталған апатты жою жұмыстарын жүргізуде. Жұмыс қалалық құрылыс бөлімінің бақылауында.