Павлодарда тағы бір велосипедшіні көлік қағып кетті

Павлодарда тағы бір велосипедшіні көлік қағып кетті
Фото: Константин Шелков

Жүргізуші оқиға орнынан із суытпақ болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 00:00 шамасында Н.Назарбаев даңғылында Hyundai автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағында велосипед тізгіндеген азаматты қағып кеткен.  

- Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетпек болып, қоршауға соғылған. 22 жастағы велосипедші дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді,- дейді департаментте. 

Еске сала кетейік, 17 тамыз күні сағат 23:30 шамасында Естай-Катаев көшелерінің қиылысында Chevrolet маркалы автокөліктің жүргізушісі велосипедшіні қағып кеткен болатын.