Павлодарда жолдарды жөндеуге жаңа технология пайдаланады
Бұл туралы қала әкімі Хасар Хабылбеков өзінің «Instagram» парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өңірімізде жолдардың шұңқырын жөндеу барысында жаңа технология пайдаланыла бастады. БЦМ-24.5 жабдық жиынтығы жолдың жарықтары мен шұңқырларын қиыршық таспен және битум эмульсиясымен пневматикалық бүрку арқылы бітеу үшін қолданылады.
– Техника жұмыстарды ауаның температурасы -10 градусқа дейін және асфальтты алдын-ала дайындамай жасай алады. Бір орташа шұңқырды жөндеуге бар-жоғы екі-екі жарым минут уақыт кетеді, – деді Хасар Хабылбеков.
Ол барлық проблемалық учаскелерді, соның ішінде орамішілік және аулаішілік аумақтардың жолдарына мониторинг жүргізіп, жаңа технологияның көмегімен оларды да ретке келтіруді тапсырды.