Павлодарлық аналарға босануға дайын болуға көмектесетін тренинг өтті
Онда арнайы жаттығулар мен техникалар қамтылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Jas otbasy» жобасы аясында ШЖҚ «№1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» КМК-де «Мягкая подготовка к родам» атты психологиялық практикасы ұйымдастырылды.
Бұл іс-шара спикер терапевпен бірлесіп жасалды. Аталмыш тәжірибелік жұмыс болашақ аналарға мазасыздықты жеңуге, өздеріне деген сенімділікті арттыруға және алдағы кезеңге позитивпен, сабырлықпен дайындалуға көмектесуге бағытталған.
Тәжірибе барысында болашақ аналардың толқу сезімін жеңілдетуге, демалуға және алда күтіп тұрған өзгерістерге қуанышпен дайын болуға көмектесетін жаттығулар мен техникалар ұсынылды.