Павлодарда «Қазақстан Барысы - 2023» жүлдегеріне автокөлік сыйға тартылды

Павлодарда «Қазақстан Барысы - 2023» жүлдегеріне автокөлік сыйға тартылды
Фото: Валерий Бугаев

Облыс әкімі Асайын Байханов «Қазақстан Барысы - 2023» республикалық турнирінің жүлдегері Мұхтар Дәлелханұлымен кездесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аймақ басшысы облыстың жомарт азаматтарының атынан палуанға және оның жаттықтырушысына бағалы сыйлықтар табыстады.

– Біздің спортшымыздың осындай деңгейдегі жарыстарда жетістіктерге жетуінде Майқайың кенті балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдодан тәлімгер-жаттықтырушысы Амангелді Райдың да еңбегі зор. Біз палуанымыздың жетістіктерімен мақтанамыз. Мен оны лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймын және «Әлем Барысы - 2023» жарыстарында табыс тілеймін! – де жазды Асайын Байханов Іnstagram парақшасында. 

Еске сала кетейік, Астана күніне орайластырылған жарыстарда өңірлердегі іріктеу кезеңдерінен өткен мықты деген палуандар күш сынасты. Біздің жерлесіміз «Әскер Барысы» турнирінің жеңімпазы Марат Байкамуровтан айласын асырып, турнирдің қола медалін жеңіп алды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Асайын Байхан (@asaiyn.baikhan)