Павлодарда қоқыс шығару тарифтерін көтеру жоспарлануда
Сәйкес құжат ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық мәслихат баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа тариф бойынша салықты ескере отырып, абаттандырылған үй иелері бір адамға айына 569 теңгеден (қазір – 490 теңге), абаттандырылмаған үй иелері – 643 теңгеден (қазір – 554 теңге) төлейді. Ал заңды тұлғалар үшін бір текше метр қалдықтарды шығару үшін жылдық тариф 2473 теңгені құрайды.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шешім жобасы 25 шілдеге дейін талқылау үшін қолжетімді.