Павлодарда мемлекеттік органдардың басшылары көшпелі қабылдау өткізеді
Тұрғындар басқарма басшыларына тікелей өз ұсыныстарын айтып, сұрақтарын қоя алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы әкімдігінің мәліметінше, екі күн қатарынан мемлекеттік органдардың басшыларының қатысуымен азаматтарды көшпелі қабылдау өткiзiледi.
23 желтоқсанда 14:00-ден 17:00-ге дейін Торайғыров көшесі, 64 мекенжайында, ал 24 желтоқсанда 12:00-ден 16:00-ге дейін Катаев көшесі, 44 мекенжайында болады.