Асайын Байханов Рождество мерекесіне орай жылы лебізін білдірді

Асайын Байханов Рождество мерекесіне орай жылы лебізін білдірді
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Павлодар облысының әкімі православ христиандарды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өңір басшысы құттықтауында осы жарқын мереке әр үйге жылу, қуаныш пен жан тыныштығын сыйлап, сенімдерді нығайтуды, үміт сыйлап, игі істерге шабыттандыруды тіледі. 

Асайын Байханов павлодарлықтарға және олардың жақындарына зор денсаулық, жүректеріне жылу, отбасыларына береке мен бейбітшілік тіледі. Сондай-ақ барлық игі бастамаларға табыс, ал әр шаңыраққа тыныштық пен өзара түсіністік тіледі.