Павлодарда ұлттық бас киімдер көрмеге қойылды

Павлодарда ұлттық бас киімдер көрмеге қойылды
Фото: Константин Шелков

Кейбір жәдігерлер облыстың белгілі тұрғындарына тиесілі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде қазақтың бас киімдерінің топтамасы ұсынылды. Көрмеге қоймалардан 30-дан астам бірегей жәдігерлер қойылды. Оның ішінде белгілі  емші Үміт апа, «Нұр-Ана әлемінің» ұйымдастырушысы Зара Қожахметова, халық шебері Қымбат Сартымбетовалардың бас киімдері де бар.

«Киелі кимешек» көрмесі 8 наурыз мерекесіне арналып ұйымдастырылды. Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, олар әйелдің әлеуметтік мәртебесі оның киімінде қалай көрінетінін көрсеткісі келген. Тақия, бөрік, сәукеле, қасаба, кимешек, жаулық сияқты бас киімдер иесінің жасына, лауазымына қарай бөлінген.

– Бұндай көрме алғаш рет ұйымдастырылуда. Біз бұл жәдігерлерді арнайы бөлмеде сақтаймыз, себебі кейбірінің ғасырлық тарихы бар. Негізінен бұл бас киімдерді жарық жерге көп шығаруға болмайды, – деді музей қызметкері Әлия Жомартова.

Көрме қонақтарының бірі Ғалия Сұңғатова көне жәдігерлерді зерттегеннен кейін ұлттық салт-дәстүрге деген мақтаныш сезімі пайда болатынын айтты.

– Біз әйелдер мен қыздарды әрқашан жоғары бағалаймыз және өзіміздің ерекше мәдениетіміз, соның ішінде ұлттық киімдерісіз бар екенін мақтан тұтамыз, –  дейді қонақ.

Көрмеге келушілерге Павлодар сервис және тамақтану  колледжі студенттерінің қолдан жасалған костюмдері мен бас киімдері көрсетілді.

– Студенттеріміз заманауи үлгіде бас киімдер жасайды. Мұндай киімдерді жасау үшін міндетті түрде киімнің тарихын білу керек. Біз әрбір өніммен өте мұқият жұмыс жасаймыз, – дейді аталмыш колледждің оқытушысы Зухра Құдиярбекова.

Айтак кету керек, көрме 27 наурызға дейін жалғасады.