Павлодарлықтар Мұзафар Әлімбаевты еске алды

Павлодарлықтар Мұзафар Әлімбаевты еске алды
Фото: Музейден

Шара барысында қатысушылар жазушының жеке заттарының көрмесін тамашалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған "Шығармашылық жолдары бойынша" тақырыптық кеші өтті. Оның мақсаты - Мұзафар Әлімбаевтың поэтикалық қызметі мен шығармашылығын насихаттау. 

М.Әлімбаев атындағы мектептің директорының орынбасары Оразбек Бахытхан жиналғандарға ақынның өмірі мен шығармашылық жолы туралы баяндады.

- Биыл елімізде ғасырлық тойы болып жатыр. Мұзафар атамыз көзі тірі болса 100 жасқа толар еді. Мұзафар Әлімбаев - өмірде талай қиыншылықтарды көрген жан. 8 жасында анасынан, 13 жасында әкесінен айырылып, балалар үйінде өскен. 18 жаста қолына қару алып, соғысқа аттанды. Ашаршылықтың да дәмін татқан адам, - деді ол.

Жас ұстаз ақынның шығармашылығының негізгі тақырыбы - балалар әдебиетіне негізделгенін де тілге тиек етті. Әрі Тәуесіздік алған жылдары  әнұранға сөз жазған авторларының бірі болғанын еске салды. 

Кешке қоғам қайраткерлері, публицистер, журналистер, мұражай қызметкерлері, студенттер жиналады. Қонақтардың назарына жазушының жеке заттарының көрмесі ұсынылады.