Павлодарлықтар Малайзиядан 30-ға жуық медаль әкелді

Павлодарлықтар Малайзиядан 30-ға жуық медаль әкелді
Фото: Спорт басқармасы

Олар классикалық пауэрлифтинг бойынша өнер көрсетті, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Малайзия мемлекетінің Джохор-Бару қаласында классикалық пауэрлифтингтен Азия чемпионаты өтті. Аталмыш жарыста 28 елден келген 480 спортшы күш сынасты. Құрама қатарында павлодарлықтар да көрінді. 

Атап айтқанда, жергілікті спортшылар 27 жүлде иеленді. Оның 16-сы – алтын, жетеуі – күміс, төртеуі – қола медаль. Жүлдегерлер – Әсел Нұркенова, Анастасия Лисниченко, Ксения Окатенко, Диана Малыхина, Арина Тремполец, Екатерина Бондарева, Маргарита Гурьева, Руслан Кожевников.