Павлодарлық баскетболшылар теңіз жағасында тартысты кездесу өткізді

Өкінішке қарай, нәтиже теріс болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бранислав Грегорич командасы Ақтауға ұзақ сапар жасады. Жергілікті «Каспийге» қарсы матчтарда павлодарлықтар портты қала тұрғындарын әбден әбіржітті. Бірінші ойын әсіресе тартысқа толы болды.
Кездесудің бірінші ширегінде 25:22 есебімен «Ertis» жеңсе, екінші ширекте «Каспий» 26:11 есебімен басым түсті. Келесі екі ширек павлодарлықтардың басымдығымен аяқталды, бірақ бұл есепті теңестіруге ғана жеткілікті болды – 74:74. Ойын овертаймға ұласты. Өкінішке қарай, мұнда да алаң иелері 8:5 есебімен ұтты.
Екінші кездесуде «Каспий» 96:75 есебімен басымдылығын нығайтты. «Ertis» келесі екі кездесуін Астанада аттас клубқа қарсы өткізеді. Бұл ойындар павлодарлықтар үшін биылғы маусымдағы соңғы матчтар болмақ. Команда жетінші орында қалады.
«Астанаға» қарсы кездесулер 11 және 12 наурызда өтеді. Ойындар 20:00-де басталады. Ойындар Қазақстан баскетбол федерациясының YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.