Азия ойындары: Павлодарлық шаңғышы спринтте төртінші болып келді
![Азия ойындары: Павлодарлық шаңғышы спринтте төртінші болып келді](https://pavlodarnews.kz/uploads/images/202502/image_750x_67a73eb5d7976.jpg)
Алғашқы үш орынды қытайлық шаңғышылар алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қытайда Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азиадада шаңғыдан әйелдер арасындағы спринттен іріктеу жарыстарында қазақстандық Дарья Ряжко, Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Мария Люфт сәтті өнер көрсетіп, жартылай финалға жолдама алған болатын. Кейін Дарья Ряжко мен Надежда Степашкина финалға шығып, бақтарын сынады.
Нәтижесінде павлодарлық спортшы Дарья Ряжко шаңғы жарысынан спринт бойынша төртінші орынды иеленді.