Павлодарда «Өнер барысы» өтеді

Павлодарда «Өнер барысы» өтеді
Фото: Константин Шелков

Аталмыш додада 30-ға жуық палуан бақ таластырмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Sport city» спорт кешеніндегі «Бірлік» жекпе-жек залында 8 қараша күні сағат 10:00-де облыстық «Өнер барысы» додасы ұйымдастырылмақ. Аталмыш жарыс екі салмақ дәрежесінде өткізілмек. 82 келіге дейінгілер бөлек күрессе, салмағы 82 келіден ауыр «Түйе» палуандар жеке бақ таластыратын болады. 

– Бүгінгі таңда аталмыш жарысқа 30-ға жуық палуан тіркеліп үлгерді. Жарыста Павлодар облысындағы өнер саласында жүрген қайраткерлер мен жастар бақ сынасады, – дейді ұйымдастырушылар. 

Жағары салмақ бөлімі бойынша үшінші орынға – 150 мың теңге, екінші орынға – 200 мың теңге, бірінші орынға – 300 мың теңгелік сертификат және «Өнер барысы» белдігі табысталады. 

Орташа салмақ дәрежесінде үшінші орынға – 200 мың, екінші орынға – 150 мың, бірінші орынға 100 мың теңге табысталмақ. 

Аталмыш жарыстың ұйымдастырушысы – «Kapzullin event» агенттігі.