Павлодарлық жас таланттар «ART STAR-2026» фестивалінде бас қосады
«Ertis promenade» сахнасында жастар барлық бағыт бойынша өнер көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласының орталық жағалауындағы «Ertis promenade» сахнасында «ART STAR-2026» мемлекеттік шығармашылық тапсырыс фестивалі өтеді.
Шара Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мұрындық болуымен іске асуда.
Фестивальге өңірдің әр түкпірінен келген балалар шығармашылық үйірмелері мен ұжымдары қатысады. Жас өнерпаздар вокалдық, хореографиялық және театрландырылған үздік нөмірлерін, сонымен қатар бейнелеу және қолданбалы өнер туындыларын ұсынады.
«ART STAR» фестивалі жыл сайын жас таланттарды қолдау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өңірлік мәдени бастамаларды ілгерілету мақсатында өткізіледі.
Фестиваль 30 мамыр күні, сағат 17.00-де басталады. Кіру – тегін.