Павлодарда ең көңілді және тапқырлар таңдалады

Павлодарда ең көңілді және тапқырлар таңдалады
Фото: Константин Шелков

Кубокқа қатысуға өтінімдерді қабылдау ашық,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Халықаралық КТА Одағының «Ертіс» КТА ресми лигасының ойындары 13 қазанда бастау алады. Бұл күні қатысушылар екі турнирде бақ сынайды. 

Бірінші турнир – «Актогайские если чё!» (Ақтоғай), «Агронавттар» (Кемеңгер), «Почти городские» (Розовка), «Троян» (Теміртау), «Халва» (Өскемен), «Серік Мұсалимов атындағы команда» және «MU» (Павлодар) командаларының қатысуымен «Ертіс-Премьер» КТА ашық лигасы чемпионатының жартылай финалы. Ал екінші турнирде Павлодар КТА ашық Кубогы ұйымдастырылады.

Іс-шараға өтінім берген кез келген құрама команда қатыса алады. Сондай-ақ, қатысушылар арасында «Ертіс-Премьер» КТА ашық лигасының финалына жолдама ойнатылады.

Айта кетейік, «Көңілді тапқырлар алаңы» әзіл ойындары Катаев көшесі, 44 мекенжайы бойынша орналасқан Қ. Әбусейітов атындағы мәдени-демалыс орталығында сағат  17:00-де өтеді. Кіру тегін.