Павлодарлықтар демалыс күндері қандай спорттық іс-шараға қатыса алады?
Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі сенбі және жексенбіде болатын шаралардың тізімімен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі.
27 қаңтар
10:00- де «Ертіс» шаңғы базасында жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеру арасында шаңғы жарысынан 53-ші спартакиада өтеді.
16:00- де «Тұран» садақ ату орталығында дәстүрлі садақ ату бойынша ашық қалалық турнир өткізіледі.
13:00- де «НЗМ» мектебінде Жаңа жылға арналған ISF нұсқасы бойынша стритлифтинг ұйымдастырылады.
27-28 қаңтар
10:00- де дене шынықтыру және спорттың өңірлік оқу практикалық орталығында медицина қызметкерлері арасында оқпен ату бойынша 53-ші спартакиада болады.
10:00-18:00- де М.Жүсіп көшесі, 161 мекенжайында грэпплингт және грэпллинг ГИ бойынша қалалық турнир өтпекші.
11:00- де «Ертіс» шаңғы базасында әуесқойлар мен ардагерлер арасында шаңғы дуатлоны болады.
28 қаңтар
11:00- де БЖК «Қайсар» армрестлинг пен гір спорты бойынша ашық қалалық турнир өтеді.
11:00- де «Спорт сити» мұз айдынында 2013-2014 жылғы жасөспірімдер арасында шайбалы хоккейден Павлодар қаласының кубогы ұйымдастырылады.