Павлодарлық спортшылар нысана көздеуден шеберліктерін көрсетті
Олар Шымкент қаласында өткен VI жазғы спартакиадаға қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының "Жоғары спорт шеберлігі мектебінің" мәлімдеуінше, дода төрт жылда бір рет өтетін кешенді байқау.
- Спартакиадаға еліміздің 9 аймағынан 150-ден астам спортшы қатысты. Жарыс 27 дисциплина бойынша өтті. Біздің спортшылар тамаша нәтиже көрсетті, - делінген хабарламада.
Мәселен, Максим Мазепа – 2 орын (ПП-3), 2 орын (ПП-3 командалық есепте), 3 орын (МВ-8 командалық есепте)
Федин Илья - 2 орын (МВ-5), 3 орын (ВП микс), 3 орын (ВП-6 командалық есепте), 3 орын (МВ-5 командалық есепте).
Титова Елизавета - 2 орын (ВП-6), 3 орын (ВП микс).
Ненашева Ирина - 3 орын (МП-5 командалвқ есепте), 3 орын (ПП-3 командалық есепте).
Сарсембаева Екатерина - 3 орын (МП-5 командалық есепте), 3 орын (ПП-3 командалвқ есепте).
Кирилл Федкин - 2 орын (ПП-3 командалық есепте), 3 орын (МП-8 командалық есепте).
Айта кетелік, шздік атанған павлодарлық нысанашыларды Н.Зигалова жаттықтырады.