Екібастұз кәсіпорындарында жаңа технологиялар көрсеткіштерді онлайн режимде анықтайды
Автоматтандырылған жүйе тәулік бойы жұмыс істейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Экологиялық реттеу және бақылау комитеті, Павлодар облысы бойынша экология департаменті эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін (МАЖ) орнатқан Екібастұз кәсіпорындары бойынша облыстық баспасөз турын ұйымдастырды.
Сапар барысында жұмыс тобы «Богатырь Көмір» ЖШС және «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ кәсіпорындарына барды.
Энергиямен жабдықтау дирекциясы бас инженерінің орынбасары Вячеслав Кива кәсіпорын нысандарына барған кездегі қауіпсіздік шараларын ұстану туралы айтып, Ақбидайық көлінің маңындағы су тазарту қондырғыларына бастап апарды.
– АСМ тәулік бойы автоматты режимде, өлшеудің стандартты әдістеріне сәйкес жұмыс істеудің сенімділігі мен қарапайымдылығын, сынама алу нүктесіндегі ластаушы заттардың концентрациясын, улы газдардың концентрациясын, шығынын, температурасы мен қысымын онлайн режимде жедел бақылауды қамтамасыз етеді, – дейді «Богатырь Көмір» ЖШС энергиямен жабдықтау дирекциясының бас инженері Валерий Гончаров.
Оның айтуынша, дәл осындай мониторинг жүйесі дренаждық суларды ағызу қондырғысына орнатылған.
Сондай-ақ, жүйе эмиссиялар нормативтерінің сақталуын бақылауды, ластаушы заттардың мөлшері мен құрамын нормативтермен салыстыруды, экологиялық жағдайдың болжамын қалыптастыруды, АСМ жабдықтарын диагностикалауды, кіріс ақпаратын жинауды және бастапқы өңдеуді, өлшемдер мен болжамдардың деректерін сақтауды және беруді, эмиссиялар бойынша кәсіпорынның есептілігін қалыптастыруды, экологиялық жағдайдың болжамын қалыптастыруды көздейді.
– Деректер бізден ҰАТ АҚ-ға келіп түсуде. Бұл жеке құрылыста бүкіл кәсіпорыннан төгінділер аламыз. Шелтердің жағында құбыр өтетін ұңғыма, сол жерден шығын өлшегіш арқылы тікелей сорғылардың көмегімен сыйымдылықты сорып аламыз. Онда үш сенсор, бұлыңғырлық, электр өткізгіштік бар, – дейді спикер.
Бас инженердің сөзінше, датчиктердің барлық деректері жұмыс орнында, яғни компьютердің сандық экранында көрсетіледі. Аталмыш ақпараттар 20 минут сайын ҰАТ АҚ-дағы МАЖ жалпы базасына келіп түседі.
Кәсіпорында МАЖ-1, МАЖ-2 бар. МАЖ-1 бір бөлмеде берілетін мәліметтер базасын құрайды. Ал қырда орналасқан МАЖ-2 жету қазіргі уақытта қиындық туғызады. Аумақта оны арнайы мамандар басқарады. Есеп беру қағаз нұсқасында да жүргізіледі.
– Барлығы автоматтандырылған, қызметкерлер жалпы базаға не кететінін тексереді, – дейді ол.
Эмиссияларды мониторингілеудің автоматтандырылған жүйелерін орнату қоршаған ортаға төгінділер мен шығарындыларды бақылаудың инновациялық бағдарламасы ретінде іске асыруға мүмкіндік береді.
Компанияда МАЖ 2024 жылдың шілдесінен бастап штаттық режимде жұмыс істейді. Ол температура, ағын жылдамдығы, рН деңгейін, электр өткізгіштік пен судың лайлығы сияқты маңызды көрсеткіштерді анықтап тіркейді.
Деректер онлайн-режимде Қазақстан Республикасы Экология министрлігінің Ұлттық деректер банкіне беріледі, бұл өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі өзекті талаптарға сәйкес келеді.
Айта кетейік, баспасөз «Павлодар облысы бойынша рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерді анықтау» бойынша кезекті рейд нәтижесінде Павлодар облысы бойынша экология департаменті МАЖ орнатқан кәсіпорындармен халық игілігі үшін тығыз жұмыс жасайды. Сондай-ақ, эмиссияларды бақылау аймақтың экожүйесін сақтау үшін маңызды болып табылатын кәсіпорынның экологиялық қауіпсіздігі мен ашықтығын арттырады.