Павлодарлық мерген Жапониядағы Азия ойындарына қатысады

Павлодарлық мерген Жапониядағы Азия ойындарына қатысады
Фото: pexels.com / RDNE Stock project

Спортшы халықаралық додаға жаңа спорттық тапаншалармен дайындалып жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің мәліметінше, Кирилл Федькин 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтетін ХХ жазғы Азия ойындарына қатысушылар құрамына енді.

Жарысқа дайындық аясында Кирилл Федькин мен Екатерина Сарсембаева жаңа спорттық тапаншалармен қамтамасыз етілді. Кириллге Pardini SP Edition Rapid Fire және Morini CM 200EI, ал Екатеринаға Pardini SP Edition Rapid Fire табысталды.

Жаңа құралдар 10 және 25 метр қашықтықтағы жаттығулар мен жарыстарға дайындық кезінде пайдаланылады.

Спорттық тапаншаларды Жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысы Дархан Жоломанов табыстады. Тирде спортшылардың қазіргі дайындығы, оқу-жаттығу процесі және алдағы жарыстар талқыланды.