Павлодарлық әнші Қазақстанның супер-қыздары тізіміне енді
Алдағы демалыс күндері ол «Almaty Theatre» сахнасында ән шырқайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарда туған опера әншісі Мария Мудряк концерт қарсаңында Астанада болып, кітап дүкендерінің бірінен Динара Ғаплан жазған «Super-қыз» кітабына кезікті.
«Жақсылық жаса, өзіңе және арманыңа сен. Ешқашан қиындықтарға мойыма!», - дейді кітап беттерінен Мария Мудряк.
Кітап Қазақстаннан шыққан әйгілі қыз-келіншектер туралы баяндайды. Онда зор жетістіктерге ие болған 70 тұлғаның өмірі сипатталған. Кітап шығарудағы мақсат – өскелең ұрпақты білімге жетелеу, олардың жоғары мақсат қойып, оларға жете білуге баулу.
Мария Мудряк бала кезінен павлодарлықтарға вокалдық талантымен танымал. Олар еліміздің түрлі конкурстарында топ жарып, Миландағы Жоғары музыка академиясында білім алды. Ол Карло Рицци, Ренато Палумбо, Альдо Сисилло, Фабрицио Карминати, Кристофером Франклином, Мэтью Окойн және Никола Пазковски сияқты дирижер, сондай-ақ Лео Нуччи, Уго Де Ана, Ферзан Өзпетек, Кьяра Мути және Андреа Сини секілді режиссерлермен жұмыс істеген.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев павлодарлық Мария Мудряк пен Иманбек Зейкенов сияқты азаматтардың шетелде Қазақстанның намысын қорғап жүргеніне ерекше тоқталған болатын.
Наурыз айында әнші Италияның ең әсем театрларының бірі – Пизадағы Верди театрында ән салды.