Павлодарда көпқабатты үйлердің шатыры дауылдан кейін неге қалпына келтірілмеді?
Бұл туралы қала әкімі тікелей эфирде айтып берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Хасар Хабылбековтың айтуынша, жөндеу жұмыстары ауа райының қолайсыздығына байланысты кешіктірілді.
– Соңғы дауылдан кейін бізде шатыры қалпына келтірілмеген бірнеше көпқабатты тұрғын үйлер қалды. Бірақ бұл үйлердің төбесі жұмсақ және оны жөндеу үшін құрғақ, жылы ауа райы қажет. Қазіргі ауа райы жағдайында бұл жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкін болмағандықтан, біз оларды уақытша тоқтаттық, – деді қала басшысы.
Күн жылыған кезде шатырларды жөндеу жұмыстары басталады.