Тоқаев Трампты АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтады

Тоқаев Трампты АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтады
Фото: Pexels / Stephen Westby

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампқа елдің Тәуелсіздік күні мен АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Президент бұл мерейтойдың тарихи маңызына тоқталып, оның америкалық халықтың еркіндік, теңдік және әділеттілік қағидаттарына адалдығын айқындайтын маңызды белес екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға Қазақстанның дайын екенін жеткізді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Дональд Трампқа жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал АҚШ халқына бейбіт өмір, тұрақтылық және өркендеу тіледі.