Павлодардағы футбол маусымының жабылуы кейінге шегерілді

Павлодардағы футбол маусымының жабылуы кейінге шегерілді
Фото: Ольга Бугаева

«Екібастұз» бен «Ертіс» футболшылары соңғы кездесуін жоспардан тыс жерде өткізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бірінші лига кестесіне сәйкес, чемпионаттың соңғы 26-шы турындағы қос команда арасындағы кездесу Екібастұзда өтуі керек еді. Алайда, екібастұздық команда «Жылдың осы мезгілінде ауа райының қолайсыздығына және Екібастұз қаласындағы «Шахтер» стадионында алаңның жылыту жүйесінің болмауына байланысты, сондай-ақ тиісті жағдай мен ойыншылардың денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында матчты Павлодардағы «Орталық» стадионына ауыстыру туралы шешім қабылданды» деп мәлімдеген.

«Орталық стадион барлық қажетті стандарттарға толығымен сәйкес келеді және матчты белгіленген уақытта өткізуге дайын. Бұл ойында «Екібастұз» ФК алаң иелері болады. Бұл арена бастапқыда резервтік стадион ретінде белгіленген», - деп қосты «Екібастұз» өкілдері.

«Ертіс» 24-турда «Хан Тәңірімен» өткен ойынмен өз жанкүйерлерімен қоштасқан еді, енді команданың маусымды өз стадионында аяқтауға тағы бір мүмкіндігі бар.

«Екібастұз» - «Ертіс» ойыны 24 қазанда өтеді. Басталуы сағат 14:00-де. Кіру тегін.