Павлодарлық спортшы республикалық жарыста жүлделі орындарға ие болды

Аталған сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас спортшылар қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қостанай қаласында 13-14 және 15-16 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында тау велосипедінен республикалық жарыс өтті.
Өңір атынан жарысқа қатысқан Олимпиадалық резервті даярлау орталығының спортшысы Сергей Бедрин жоғары нәтиже көрсетті.
Ол шорт-трек санатында екінші орынды, ал жекелей жарыста үшінші орынды иеленді.