Павлодарлық туристер чемпионаттан бірнеше медаль алып келді

Павлодарлық туристер чемпионаттан бірнеше медаль алып келді
Фото: Константин Шелков

Екібастұзда туристік көпсайыстан облыстық турнир өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Оған облыс орталығының бірнеше командалары қатысты. 

«Балалар»  санатындағы «жеке-командалық» қашықтықта «Искра»  клубы бірінші орынды, «Павлодар»  клубы екінші орынды иеленді.

«Командалық» арақашықтықта облыс орталығының жас спортшылары да жақсы нәтиже көрсетті. Сол командалар «алтын»  мен «күмісті» жеңіп алып, құрмет тұғырына көтерілді.

«Жасөспірімдер» санатында олар «командалық»  және «жеке-командалық»  арақашықтықта барлық үш жүлделі орынды жеңіп алды. 

Бұл жолы «Павлодар-1»  спортшылары да жүлдегерлер қатарына енді.

Чемпионатта біздің команда түрлі санаттарда төрт жүлделі орынға ие болды, деді «Искра»  капитаны Яна Зайковская. Бұл біздің бірінші жеңісіміз емес. 

Үлкен жетістікке жету үшін спортшылар жаттығуды жіберіп алмайды.