«Бес нәрседен қашық бол». Павлодарлықтарды әлеуметтік кеселдермен күресуге шақырды
Қатерлі құбылыстармен күресте Қазақстан халқы Ассамблеясына айрықша міндет жүктеліп отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар Кеңесінің төрайымы Назипа Шанаидың модераторлығымен «Бес нәрседен қашық бол» тақырыбында онлайн кездесу ұйымдастырылды. «Салауатты сана» жобасының Әдістемелік нұсқаулығын таныстыру және талқылау мақсатында өткен жиынға Павлодар облысы ҚХА Аналар кеңесі мен «НҰР-АНА әлемі» ҚБ төрағасы Бақытжамал Максилова мен ҚХА хатшылығы өкілдері мен «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінде Ассамблея нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресуде маңызды роль атқаратынын айтты, – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бұл жобаға білім саласы мен мәдениет, ішкі істер және әкімдіктер де ат салысатын болады.