Павлодар облысында «Stop Stalking» акциясы басталды
Бұл – полицейлердің бастамасы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, шара азаматтардың құқықтарын қорғау, құқықтық сауаттылығын арттыру және қудалаудың алдын алу мақсатында ұйымдастырылады.
– Акция аясында облыс бойынша түсіндіру жұмыстары, жастармен кездесулер, лекциялар, мемлекеттік органдар, полиция, үкіметтік емес ұйымдар, психологтар және қоғамдық қайраткерлер қатысатын диалог алаңдары өткізіледі, – дейді мамандар.
Осылайша, қоғам назары сталкинг проблемасына аударылып, қудалау психологиялық зорлық түрі екені түсіндіріледі.
Полиция азаматтарды бейжай қалмауға, уақытылы көмекке жүгінуге және қудалау фактілері туралы 102 нөмірі арқылы хабарлауға шақырады.
Еске сала кетейік, өңірде сталкинг дерегі бойынша төрт қылмыстық іс тергелуде. Күдіктілер анықталды.