11 қарашада Павлодар облысында қар аралас жаңбыр күтіледі
Облыстың шығысында аздаған жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, түнде облыстың басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады.
Түнде облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.
Ауа температурасы түнде 1-4 градус салқын, күндіз 3-8 градус жылы болады.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, түнде жаңбыр жауады.