Инвесторлар Павлодар облысындағы ірі өндірістік жобаларға қызығушылық танытты

Инвесторлар Павлодар облысындағы ірі өндірістік жобаларға қызығушылық танытты
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов инвесторлармен бірқатар кездесу өткізіп, тау-кен және металлургия өнеркәсібіндегі ірі жобаларды талқылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

MİRYILDIZ KZ LTD инвестициялық компаниясының басшылығымен өткен кездесуде Баянауыл ауданындағы мыс кен орнында тау-кен байыту кешенін салу жобасын іске асыру мүмкіндіктері қаралды. Түркиялық қатысуы бар компания өңірде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, жер қойнауын пайдалануға берілген учаскелер бойынша лицензияларға ие.

Mercuria – Wanji Holding Group халықаралық консорциумының өкілдерімен Екібастұз қаласынан 30 шақырым қашықтықта қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын және электрометаллургиялық зауыт салу мүмкіндігі талқыланды.

Жобаны іске асыру нәтижесінде 3 мың тұрақты жұмыс орнын құру көзделіп отыр.

Асайын Байханов Павлодар облысының ірі инвестицияларды тартуға және өнеркәсіптік кооперацияны одан әрі дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

Кездесулер қорытындысы бойынша ұсынылған жобаларды іске асыру мүмкіндіктеріне қатысты мәселелерді жан-жақты пысықтау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.