Майқайыңдық спортшы қазақ күресінен ел чемпионы атанды

Майқайыңдық спортшы қазақ күресінен ел чемпионы атанды
Фото: Майқайың кентінің БЖСМ

Жарыс Алматы қаласында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Майқайың кенті балалар және жасөспірімдер спорт мектебі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақ күресінен шеберлер арасында республика чемпионаты өз мәресіне жетті.

Жарыс нәтижесінде Майқайың БЖСМ басшысы Өміртай Шәріпжанов 60+ жас аралығында 80 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Сонымен қатар, БЖСМ стадион меңгерушісі Әсет Бөкенов 35-39 жас аралығында 82 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болды.