Баянауылда ел ерлері тартысты ойында бақ сынасты

Көкпар ұлттық ойынына облыс қалалары мен аудандарынан 13 команда қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай Баянауыл ауданы, Майқайың кентінің көкпар алаңында ел ерлерінің тартысты ойыны өтті.
Қазақтың нарқымен таралған, намыс пен шалқарға самғаған көкпарда жүлделі ІІІ орынға баянауылдық «Торайғыр» командасы, ІІ орынға Май ауданының «Май» командасы ие болса, екібастұздық атбегі шабандоздар «Сайфуллах» командасы (Ақкөл ауылы) І орынды қанжығаларына байлады.
Ұйымдастырушылар ұлттық спортқа қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған «Майқайыңалтын» АҚ басшысы Даниал Нәбиевке, ел азаматтары Ерғанат Абсаттаровқа, Қанат Бектеміровке, Қуат Амирхановқа, Қуаныш Тастамбековке, Мұрат Төлеубаевке, Әзілхан Ақболинға, Айбек Нұрмаковке, Баянбек Букеновке алғыс білдірді.