Павлодарда Блонди лабрадоры погондағы аруларды гүлмен құттықтады

Павлодарда Блонди лабрадоры погондағы аруларды гүлмен құттықтады
Фото: облыстық ПД ұсынды

Төрт аяқты ит полицейлерге мерекелік көңіл күй сыйлады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының полицейлері өздерінің әдемі әріптестерін 8 наурыз – көктем мерекесімен құттықтады. Блонди лақап атты лабрадор құттықтауға өз үлесін қосты. Ол арнайы команда бойынша погондағы  ханымдарға жақындап, гүл сыйлаған. Гүлдер иттің арқасында болған. 

Әйел полицейлер қатты қуанды. Блонди жеті жыл бойы құқық қорғау органдарында қызмет етеді. Ол – оқиға орнында иісті тану бойынша өз ісінің маманы. Жақсы көру, есту, физикалық күш, төзімділік және қорғаныс реакциясы бар.