22 сәуірде Павлодар облысы аумағында күн жылынады

22 сәуірде Павлодар облысы аумағында күн жылынады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Күндіз сынап бағанасы ...+25 °C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +6...+11 °C, жауын-шашынсыз болады. Күндіз +20...+25 °C дейін жылынып, жауын-шашын болмайды.

Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. 

Ал Павлодар қаласында түнде +7...+9 °C. Күндіз +22...+24 °C-ге дейін жетеді. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады деп болжануда.