Павлодарда түнде тұрғын үйдің шатыры жанып кетті (ВИДЕО)
Өрттің себебі анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 шілдеде түнгі сағат 22:12-де Садовый тұйық көшесінің бойында жеке шлакпен құйылған төрт бөлмелі тұрғын үйдің шатырдың ағаш конструкциялары жанған. Үйдің шатыры толығымен жанып кеткен.
– Үйдің тұрғындары өздері эвакуацияланды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, – дейді департаментте. – Өрт автоматтық өшіру сымдарындағы қысқа тұйықталу себебінен шыққан. Оның жалпы ауданы – 96 шаршы метр.
Оқиға орнында 23 қызметкер мен 5 техника жұмыс жасады.
Өрт сағат 23: 00-де сөндірілді .
Посмотреть эту публикацию в Instagram