Павлодарда мереке күндері ХҚКО жұмыс істемейді

Павлодарда мереке күндері ХҚКО жұмыс істемейді
Фото: Константин Шелков

Сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО-да үш күн демалыс жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» МК Павлодар облыстық филиалының мәліметінше, елімізде жарияланған мереке күндеріне байланысты 21, 22 және 23 наурызда халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді.

Қалған күндері кесте сол күйінде қалады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, Павлов көшесі, 48 мекенжайы бойынша орналасқан кезекші орталық жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20-00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді, – деп жазылған хабарламада. 

Павлодар қаласындағы мамандандырылған ХҚКО-да жұмыс күндері  азаматтарды қабылдау –  сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күні сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін, дайын құжаттарды беру – сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін.