Павлодарлық эпидемиологтар субұрқақта шомылудың қаупін түсіндірді
Субұрқақтар түрлі инфекциялық ауруларды тудыруы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, субұрқақтар шомылуға арналмаған.
– Олар электр желісіне қосылғандықтан, өмірге қауіпті болып табылады. Эпидемиологиялық тұрғыдан субұрқақтарда су тазартылмаған және пайдалану кезінде жиі ауыстырылмайды, – делінген хабарламада.
Вирустық ішек инфекциялары – энтеровирустық және ротавирустық энтериттердің өсуі көбінесе субұрқақтарда шомылумен байланысты. Бұл энтеровирустық менингит немесе менингоэнцефалит асқынуымен де қауіпті. Аталмыш аурулар өте қауіпті, тіпті, өлімге әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар, субұрқақтарда шомылу А вирустық гепатитін (сары ауру) тудыруы мүмкін.