Павлодарда оқушылар ұлттық ойындардың тарихымен танысты
Ұлттық ойындардың жүзден астам түрі бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
№30 ЖОББМ оқушылары Павлодар тарихи-өлкетану мұражайында «Ұлттық ойын – халық мұрасы» тақырыбында дәріс тыңдады. Іс-шарада балалар асық ату, көкпар, аударыспақ, қыз қуу ұлттық ойындары туралы ақпаратпен танысып, тұсаукесер мен бейнероликтерді тамашалады.
– Оқушыларға ұлттық ойындар бес түрге бөлінетіні туралы айтылды. Интеллектті қажет ететін және түрлі заттар пайдаланылатын заманауи, аң аулау, малдарға байланысты ойындар ептілік пен икемділікті көздейді, – деді музей қызметкері Мирас Сағындық.
Ғалым-этнографтартың пікірінше, ата-бабаларымыздан жеткен ұлттық ойындардың тарихы біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдықта Қазақстан жерінде қалыптасқан. Елімізде кең таралған тоғызқұмалақ пен асық Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде белгілі болды. Қазақ қоғамындағы ұлттық ойындардың бастауы дәстүрлі көшпелі шаруашылықтардан бастау алады.