Павлодарлық гимнасттар әлем чемпионатының жүлдегерлері атанды
Көркем гимнастикадан Халықаралық турнир Әзербайжан елінің астанасы Бакуде өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарлық спортшылардың қоржынында сегіз алтын бар. Оның төртеуі – күміс, төртеуі – қола медаль.
Қатысушылар арасында Әзірбайжан, Грузия, Түркия, Болгария, Македония, Черногория, БАӘ, Малайзия, АҚШ, Египет, Молдова, Кувейт, Тайланд, Өзбекстан спортшылары өнер көрсетті.
Ел құрамасының құрамына Павлодар қаласының «Grand» көркем гимнастика мектебінің тәрбиеленушілері кірді.
Самира Бақауова алтын медальді қанжығасына байлады. Жеті жасар Мирослав Лешкова көпсайыс және шеңбермен жаттығулар үшін үш алтын медаль алды.
Сая Шәкірімова мен Әмір Нұрмұханбетова доппен, Ляйсан Шәкіран және Айша Бердуғожинова шеңбермен жаттығуда алтын жүлдегерлер атанды.
Әртүрлі жарыстарда Айлин Мұратбек, Аяла Сапарова, Аяулым Таңатар, Назым Тәңірбергенова күміс жүлделерге ие болды.