Павлодарлық онкологтар бір күнге ақ халаттарын спорттық киімге ауыстырды
Медицина қызметкерлері спартакиада өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облыстық онкологиялық диспансері медицина қызметкерлерінің күнін спортттық көңіл-күймен қарсы алды. Бөлімшелердің дәрігер мен медбикелері түрлі-түст форма киіп, өзара жарысты. Әр топ бес қатысушыдан тұрды. Олар командаға ұран мен атауларын ойлап тапты. Көңілді старттар, арқан тарту, эстафета сияқты ойындар өткізілді.
– Спорттық жарыс – салауатты өмір салтын сақтауға ықпал етеді және командалық рухты нығайтады. Біз күн сайын ірі оталарды жасаймыз, адамдарды емдейміз. Сондықтан, осындай іс-шаралар күнделікті өмірден алшақтауға көмектеседі және үйлесімділік пен өзара көмекке ықпал етеді,– деді диспансер директордың орынбасары Тельман Әлғожин.
Конкурс қорытындысы бойынша клиникалық бөлімшелер арасында бірінші орынды диспансерлік бөлімшесі, екінші орынды химиотерапия бөлімшесі, ал күшінші орынды реанимация бөлімшесі иеленді.