Асайын Байханов екібастұздықтарды қала күнімен құттықтады

Асайын Байханов екібастұздықтарды қала күнімен құттықтады
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыс әкімі кеншілер шаһарының тұрғындарына алғысын білдірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Аймақ басшысы өзінің құттықтау сөздерін Instagram парақшасында жариялады.

Бүгінгі мереке бәрімізге ортақ, өйткені, ол Екібастұзда дүниеге келген және осында еңбек етіп, өмір сүріп жатқан барлық жандарды біріктіреді. Қаланың тарихы – бұл, ең алдымен, оның тұрғындарының тарихы. Соның ішінде менің де: Екібастұзбен менің студенттік жастық шағым байланысты, ата-анам осында тұрады,– деп жазды Асайын Байханов.

Облыс әкімі айтулы күнде энергетиктер мен кеншілер қаласының негізін қалаған алғашқы құрылысшыларға, ардагерлерге зор алғысын білдірді.

Екібастұздың дамуына аянбай үлес қосып жатқан жастарға да рақметімді айтамын. Сіздер өз қалаларыңызды менен артық болмаса, кем жақсы көрмейтіндеріңізді білемін. Сіздердің арқаларыңызда ол бір орында тұрған жоқ, даму үстінде, жақсаруда. Екібастұзда Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауымен оң өзгерістер орын алуда. Солардың көмегімен сіздермен біздің қаламыздың болашағы зор болатынына сенімдімін,– деді аймақ басшысы.

Ол тұрғындарға татулық пен жылулық, денсаулық, қуаныш пен амандық тіледі.