Павлодарлықтарға 27 маусымда терезе ашық ұстауға кеңес беріледі

Қазіргі уақытта қала ауа сапасының көрсеткіштері бойынша жасыл деңгейде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Әлемдегі атмосфералық ауаның сапасына мониторинг жүргізетін швейцариялық «IQAir» компаниясы Павлодарда ауа сапасын 46 AQI⁺ деңгейінде бағалайды. Бұл – қаланы жасыл рейтингке қосқан төмен көрсеткіші.
– Қазіргі таңда PM2.5 концентрациясы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған деңгейден 1,3 есе жоғары, аталған концентрация бір текше метрге 6,5 микрограмды құрайды, – дейді компания сарапшылары.
«IQAir» 27 маусым күні далада демалуды және үйдегі терезелерді ашық ұстауды ұсынады.
Дәл осындай ауа сапасы сенбі күнге дейін сақталады.
Айта кетейік, PM2. 5 бөлшектері – ауадағы қатты микробөлшектер мен сұйықтықтың ең кішкентай тамшылары (диаметрі 10 нм-2,5 мкм).