Павлодарда жеке секторларды күлі аз көмірмен жылытуға көшіру ұсынылды

Павлодарда жеке секторларды күлі аз көмірмен жылытуға көшіру ұсынылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл туралы экологиялық кеңесте айтылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жамбайбектің  төрағалығымен  өткізілген биылғы жылы экологиялық кеңестің үшінші отырысында атмосфералық ауаның жай-күйі және оны жақсарту жөніндегі шаралар талқыланды.

Павлодар облысы бойынша экология департаментінің басшысы Қанат Мұсапарбековтің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ластаушы заттар шығарындыларының өсуін тежеу және азайту, ең ірі кәсіпорындар кешенді экологиялық рұқсаттарға көшу және негізгі көздеріне автоматтандырылған жүйелерді орнату бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпараты тыңдалды.

Облыс қалаларындағы атмосфералық ауа сапасының мониторингі туралы «Қазгидромет» РМК Павлодар филиалының директоры Галина Шпак баяндады. Статистика бойынша ластаушы заттардың ШРК асып кету жағдайлары көбінесе қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың (ҚМЖ) басталу кезеңінде, температураның инверсиясы, тұман, баяу жел немесе тыныштық салдарынан шашырау үшін нашар жағдайлар жасалып, атмосфераның беткі қабаттарында ластаушы заттар жиналады. 

– Мәселен, ағымдағы жылы Павлодар қаласы бойынша көбінесе қаңтар-ақпан айларында шамадан тыс артқаны тіркелді, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар тіркелген күндер саны тиісінше 11 және 4-ті құрады, – деді баяндамашы. 

Облыстың үш қаласы әкімдіктерінің өкілдері пешпен жылыту жайлы туралы хабардар етті. Отырысқа қатысушылар атмосфералық ауаның сапасын бақылау бекеттерін орналастырудың қайта қарау және оңтайлы орналасқан жерін таңдау, «Қазгидромет» РМК мониторинг желісін кеңейту, қала әкімдіктеріне жеке секторын күлі аз көмірмен жылытуға көшуін қарастыру сияқты бірқатар ұсыныстар берді.