Павлодар облысының ауылдарынан алынған су сынамалары гигиеналық нормаларға сай келмеді
Эпидемологтар бірнеше көрсеткіштер бойынша зерттеулер жүргізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық сантиарлық– эпидемиологиялық бақылау департаменті бірінші тоқсандағы өңірдегі ауыз сумен жабдықтау объектілеріне мониторинг жүргізу барысында санитарлық-химиялық көрсеткіштері бойынша 642 сынама зерттелді. Нәтижесінде 35 су сынамасы нормативтерге сәйкес келмеді. Ал микробиологиялық көрсеткіштері бойынша 649 су сынамасы зерттелді, оның ішінде 7 су сынамасы санитарлық ережелерге сәйкес болмады.
– Органолептикалық және санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша Ақтоғай, Ертіс, Май, Павлодар аудандарында, Аққулы ауданында және Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының ауылдық аймақтарында сәйкессіздіктер анықталды,– деді департаментте.
Мониторинг нәтижелері туралы жергілікті атқарушы органдарға хабарланды. Пайдаланушы ұйымдар сүзгілерді тазалау және ауыстыру бойынша шаралар жүргізді.
Бірінші санаттағы суды пайдалану орындарынан (шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын су қоймалары) санитарлық-химиялық көрсеткіштері бойынша 10 су сынамасы, микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштері бойынша 27 су сынамасы алынды, гигиеналық нормаларға сәйкес келмейтіні анықталған жоқ.
Сондай-ақ, 3132 атмосфералық ауа сынамасы санитарлық-химиялық көрсеткіштері бойынша зерттелді, оның ішінде 3 сынама шекті рұқсат етілген концентрацияның асып кеткені анықталды. Оның ішінде Екібастұз қаласының санитарлық-қорғау аймағының шекарасында күкірт диоксиді көрсеткіштері бойынша асып кету байқалды.
Атмосфералық ауаның санитарлық-эпидемиологиялық мониторингінің нәтижелері бойынша шешімдерді қабылдау үшін облыс әкімінің аппаратына, экология департаментіне, Екібастұз қаласы әкімдігінің аппаратына ақпарат жолданды.