Усолка шағын ауданының тұрғындары мәдени-демалыс орталығын салуды сұрайды

Усолка шағын ауданының тұрғындары мәдени-демалыс орталығын салуды сұрайды
Фото Константина Шелкова

Жергілікті билік нысан салу мүмкіндігін қарастыруға дайын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Тұрғындар шағын ауданның қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, мәдени орталық ашу туралы орынды сұрақ көтерді.

Шағын аудан белсенді түрде салынып жатыр. Бізде кітапхана бар, бірақ мәдени-демалыс орталығы жоқ. Халық саны өсіп келеді, шынын айтқанда, мұндай орталықтың қажеттілігі айқын сезіледі. Жоспарлау мен бюджет деген ұғымдар бар екенін түсінемін. Бірақ бұл біздің тілегіміз, осы мәселеге назар аударсаңыздар деген ниет бар, деді Павлодар тұрғыны.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қала басшысымен бірге қаланың инфрақұрылымын талқылағанын және бұл мәселеге назар аударғанын айтты.

Біз облыс орталығына қарасты кенттердегі балабақша тапшылығы, Павлодардың кей мектептеріне қосалқи ғимараттың қажеттілігі туралы талқыладық. Бұл бағытта жоспарлы түрде алға жылжып келеміз. Усолка шағын ауданына бірінші кезекте толық абаттандырылған мектеп қажет. Бірақ сонымен қатар, ересектер мен жастар бос уақытын өткізіп, іс-шаралар ұйымдастыра алатын нысан да керек. Бұл жоспарға енгізілген, алайда барлығы жер телімін бөлу және коммуникациялардың болуына байланысты, деді облыс әкімі.

Шағын аудан тұрғыны Темірғали Әлжанов облыс әкімінің халықпен кездесуінде бірқатар мәселені көтерді. Олар әлеуметтік дүкендердің жетіспеушілігі, оқушы орындарының тапшылығы және мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге алаңдаушылық білдірді.