Павлодарлық суретшілер Мәскеуде жеңімпаздар атанды

Павлодарлық суретшілер Мәскеуде жеңімпаздар атанды
Фото: Константин Шелков

Қылқалам иегерлері 23 жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мәскеу қаласында өткен «Шексіз балалық шақ» тақырыбындағы ХХVI халықаралық балалар фестивалінің «Шабыт желкендерінің астында» көркем сурет байқауына Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубының 37 оқушысы қатысты. 

Аталмыш конкурс 8-10, 11-13, 14-16 жас арасындағы қатысушылар арасында «Естелік жаңғырық береді», «Қылқалам тынысы», «Ата-бабалардан ұрпаққа», «Түстер мерекесі. Көркемдік экспромт», «Сұлулық пен ептілік», «Досқа сыйлық», «Қолөнер сиқыры» номинациялары бойынша ұйымдастырылды. 

Байқау қорытындысы бойынша павлодарлық жас суретшілер жүлделі орындарға ие болып, түрлі деңгейдегі байқау дипломдарымен марапатталды. 

Гуашь техникасындағы «Күзгі аула» суреті үшін 14 жастағы Дарина Абдулкаюмова акварель техникасындағы «Өтекешев Қарасай Аспанбетұлы туралы естелік» суреті үшін, 16 жастағы Азиза Бауыржан гуашь техникасындағы «Шілтерлі ертегі» суреті үшін, 13 жастағы Милена Шандрон байқаудың жеңімпаздары атанды. Ұстаздары – ұстазы Светлана Рейн, Анжелика Бамбуляк, Алтын Кисамиденова.