4 сәуірде Павлодар облысында күн ашық болады
Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 7-12 м/с құрайды.
Ауа температурасы түнде 3-5 градус салқын, күндіз 13-15 градус жылы болады.
Еліміздің басым аумағына әлі де антициклон жотасы әсер етеді. Тек еліміздің оңтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығысында фронталды бөліктердің өтуіне орай жаңбыр жауып, оңтүстігінде найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады.
Республика бойынша оңтүстік–шығыста қатты жел, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, батыста, оңтүстік-шығыста тұман түседі.